Мұқағали поэзиясы – тұнған лирика. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын оқысаңыз да, ой мен сезімі қатар келген дауылды ақынды тани түсесіз.
Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев: «Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған»,-деген екен.
Ал ақынның өзі: «Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсіне отырып, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы»,-дейді.
Бүгін ақынның туған күніне орай «Айтуға оңай...» ақынды еске алады.