Елдің кейбір аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің кейбір аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады

09.02.2015
Елдің кейбір аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады

10-12 ақпан аралығында  Ресейдің Еуропа аумағы солтүстік аймақтарынан суық атмосфералық фронттармен байланысты циклон ауысады.

Республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге көтеріледі.

Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстары оңтүстік циклон ықпалында болады,

Сондықтан, мұнда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.

Хабарламаларға жазылу