Қазақстанның бірқатар өңірін тұман басады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның бірқатар өңірін тұман басады

09.11.2014
Қазақстанның бірқатар өңірін тұман басады

9 қараша күні Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл облысының кейбір жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының тұман, көктайғақ болады деп болжануда, таңертең және күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстарының кейбір жерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кейбір жерінде тұман түседі. 

Хабарламаларға жазылу