
Ғалымдар мобильді телефон аксессуарын АИТВ мен мерезді анықтай алатындай етіп бейімдеп шығарды, деп хабарлайды MedDaily. Құрылғы Руандада 96 емделушіге қызмет еткен.
Аталмыш құрал тікелей смартфоннан қуат алып, жұқпалы ауруларды қан маркерлері бойынша анықтайды. Ол үшін саусақтан алынған бір тамшы қан ғана жеткілікті. Талдауға 15 минут кетеді.
Құрал жеңіл әрі шағын. Оның жұмысы үшін реагенттері бар бір рет пайдаланылатын қабылдағыштар керек. Құралдың жалпы сомасы – 34 доллар. Ал, қарапайым зертхананың жабдықталуына 18 мыңнан астам доллар жұмсалады.
