Қазақстан Суперкубогы Ресей, Украина және басқа елдерде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Суперкубогы Ресей, Украина және басқа елдерде көрсетіледі

07.02.2015
Қазақстан Суперкубогы Ресей, Украина және басқа елдерде көрсетіледі

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2015 жылғы Қазақстанның Суперкубогы иегері анықталатын «Астана» - «Қайрат» матчы Ресейдің «Спорт 1» телеарнасынан көрсетілетін болды. Украинаның «SPORT» телеарнасымен де осындай келісім жасалды.

Қазақстан Футбол Федерациясының бас менеджері Асқар Ұранхаев қол қойылған келісімдер туралы пікірін білдірді:

«Қазақстан Футбол Федерациясының президенті  тұжырымдаған басты тапсырмалардың бірі – еліміздің барлық өңіріндегі жанкүйерлердің алдағы ойынды көруге қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Елордадағы сыйымдылығы 30 мың жанкүйерді қабылдайтын стадион мен телевизиялық трансляцияның аудиториясымен салыстыруға келмейді. Сол себепті бірінші кезекте «Хабар» телеарнасымен келісімге келдік.

Екінші міндет – көрші елдердің қазақстандық футболға деген нағыз қызығушылығын түсіну. Футболдың шекарасы жоқ және халықтардың достастығын арттыра түседі.

Бір аптаның ішінде Түркия, Ресей, Қытай, Еуропа, БАӘ және басқа да елдердің жетекші телевизиялық корпорацияларымен байланысқа шықтық. Сіз таңданатын шығарсыз, бірақ, Түркия, Ресей, Украина, Қытай және Еуропадан жауап лезде келді.

Мұндай сұрақтардың көптеген заңды талаптары бар, сол себепті бүгінгі таңда барлық құжатқа қол қойылған жоқ.

Алайда, Қазақстандағы барлық клубтық жарыстардың ішіндегі ең тартысты матчтарды Ресейдің «Спорт 1» және Украинаның «SPORT» телеарналары көрсетеді.  Сонымен қатар, украиналық телеарна Молдова, Беларусь, Литва, Латвия және Эстонияға хабар таратады.  Қазақ футболының аудиториясы  жүздеген миллион көрермен болады деп алдын ала есептеуге негіз бар. 

Бұл ұлттық футболды дәріптеудегі «кванттық серпіліс» болады деп үміттенемін. Әзірге, жүзеге асырылмаған көптеген идеяларымыз бар».

Еске сала кетейік, 1 наурызда қазақ футболының жаңа маусымы басталып,  Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынады. Ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

 

Біздің анықтама:

«СПОРТ 1»  мамандандырылған спорт телеарнасы 2010 жылдан бастап хабар таратады және ең ірі медиахолдинг - Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабар тарату компаниясының құрамына кіреді. Жарыстың басым бөлігі тікелей эфирде көрсетіледі. «СПОРТ 1» арнасының көрермендері күн сайын әлем спортындағы ірі оқиғаларды жоғары сапалы HD форматында тамашалай алады.

 

«SPORT 1» телеарнасы 2005 жылдың желтоқсанында спутниктік хабарлағыш кешен арқылы трансляция жүргізетін  «PoverkhnostSportTV» компаниясының базасында құрылған.   Бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі контенті сатып алынған әлемдік және еуропалық деңгейдегі телевизиялық өнімдер саналады.

 

Фото: stadiums.at.ua

Хабарламаларға жазылу