Қасқырлардың біз білмейтін қандай қырлары бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасқырлардың біз білмейтін қандай қырлары бар?

05.02.2015
Қасқырлардың біз білмейтін қандай қырлары бар?

Жыртқыштар арасында өзінің болмысы мен табиғи жаратылысы жағынан ерекше дәріптелетіні – қасқыр.  Көптеген аңыздар мен қиссаларға арқау болған бөрінің бітімі мен өмір сүру қағидасын көбіне біле бермейміз.

Қасқырлар – топпен өмір сүреді.  Кейде бір топтағы қасқырлар саны 20-ға жуықтайды. Олар жалпы және топқа байланысты заңдылықтарды ұстанады. Талап бойынша, ересек бөрілер ұяластарын бөтен келімсектерден сақтауы тиіс.

Сонымен қатар, енді ауызданып жүрген жас қасқырлардың жортуылға жалғыз шығуына тыйым салынады.  Әрбір топ мүшесі тек өзі үшін жем іздемейді. Топ мүддесі – бірінші кезекте.

Қасқыр иісті анық ажырата алады. Жағы өте қайратты болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 келі күш түседі. Сонымен қатар, олар 2 минут бойы 32 шақырым/сағат жылдамдықпен жүгіреді. Ал, қауіпті сезінген жағдайда 56 шақырым/сағат жылдамдықты да бағындырады.

Түз тағысының біз білмейтін тағы қандай қырлары бар? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу