Қорғансыз аналарға көмек бар ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғансыз аналарға көмек бар ма?

03.02.2015
Қорғансыз аналарға көмек бар ма?

Жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақы қасиет бүгінгідей қатыгездігі басымдау қоғамда керек-ақ.

Кейінгі кездері елдің әр бұрышында бұрын-соңды естімеген «Аналар үйі» деп аталатын айрықша үй бой көтере бастады. Мұндағы мақсат – алғаш құрсақ көтерген, алайда өмірде қиындық көріп, барар жер, басар тауы қалмаған, ешкімнен көмек ала алмай, сорлап қалған жандарды қамқорлыққа алып, паналату.

Яғни, бұл жер енді біраз уақыт қорғансыздарға ананың да, әкенің де орнын баспақ. Осы уақыт ішінде баласына деп Үкімет бөлген жәрдемақы сақталып тұрады да, кейінгі тіршілігіне аздап болса да сеп болмақ.

Мұндай үйлердің ерекшелігі неде, кемшілігі қандай? Жалғызілікті аналарға көмек беретін арнайы мекемелердің бүгінгі жай-күйі туралы «Айтуға оңайдан» сағат 21.05-те біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу