Тылдағы қазақстандықтардың ерлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тылдағы қазақстандықтардың ерлігі

03.02.2015
Тылдағы қазақстандықтардың ерлігі

II Дүниежүзілік  соғыс жылдарында Қазақстанның майданды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Қиын-қыстау кездері Қазақ елінің ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды.

Қазақстан – елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жем-шөппен, әсіресе, қысқы жем-шөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет еді.

Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан, республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару да жоғары қарқынмен өсті.

Экономикадағы бұл табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер-азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50 пайыз, ал жеңіл және тамақ өнеркөсібінде 80-90 пайызды құрады.

Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды, мамандардың тұрақтамауы шектелді, 11 сағаттық 6 күндік жұмыс аптасы енгізіліп, қосымша демалыс жойылды.

Бүгін 20.00-де «Елдің ерлігі» деректі фильмінің 2-бөлімін көріңіз. Тылдағы қазақстандықтардың ерлігі туралы толыққанды мағлұмат ала аласыздар.

Хабарламаларға жазылу