«Айтуға оңайда» бүгін қысы-жазы жалаң аяқ жүріп, кір тасын оңай көтеретін шахмат шебері, Арқаның қақаған аязында қалың киім кимейтін ақсақал, велосипедпен күніне 250 шақырым жүретін қария мен күніне бірнеше шақырым жүгіретін жасы тоқсанға тақаған ата қонаққа келеді.
Қарттығына қарамастан, жастарға үлгі боларлықтай ерлік көрсетіп жүрген жандарға арналған хабарды бүгін 21.05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.