Қазақстанның біраз аймағында күн ашық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның біраз аймағында күн ашық болады

01.02.2015
Қазақстанның біраз аймағында күн ашық болады

1 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық. Тек елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және Батыс Қазақстанда жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромед» МКК. 

Нақтырақ айтқанда, Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жалаңашкөл маңында желдің жылдамдығы 18-23, кей жерде секундына 28 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында да тұман түседі, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде тұмсан түседі.

Хабарламаларға жазылу