Қасиетті Тараз топырағы жезтаңдай әнші мен дәулескер күйшіге кенде емес. Солардың бірі кезінде халық әндерін эстрадаға лайықтап, өнер әлеміне сара жол сала білген «Алатау» триосы Кенен Әзірбаевтың «Көкшолақ» әнімен көпшіліктің көңіл төріне орныққан-ды.
Сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдары дүниеге келген «Алатау» ансамблі уақыт өте келе, «Тараз» триосы болып неге өзгерді?
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың өнердегі алғашқы ұстазы кім? Осы және басқа да сұрақтарға жауап іздесеңіз, бүгін 09.00-де «Сенбілік таңды» Ұлттық арнадан көріңіз.