Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші

26.09.2015
Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші

Оның кез келген әні жүректен шығып, жүректерге жетеді. Ол бүгінгінің жын-жыбыр әні емес, сабырлы, салиқалы туындыларымен-ақ көптің көңілінен шыға білген әнші. Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевты білмейтін қазақ, тыңдамайтын жан жоқ шығар, сірә.

Осыдан 2-3 ай бұрын әншінің жеке шығармашылық кеші өткен еді. Сол кешті бүгін 20:05-те  Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Айта кету керек, кештен  әншінің өзінің  ғана емес, ұстазы Алтынбек Қоразбаев, «МузАРТ» тобы, Тоқтар Серіков, Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова және Сандуғаш Стамғазиева сынды қазақ эстрадасы өнерпаздарының әндерін де тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу