Салтанат Байқошқарова: Бедеулік көбеймесе, азайған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Байқошқарова: Бедеулік көбеймесе, азайған жоқ

21.01.2015
Салтанат Байқошқарова: Бедеулік көбеймесе, азайған жоқ

Хабар барысында ол экожүйе, экстракорпоральді ұрықтандыру саласындағы жаңалықтар  туралы айтты.

«Экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы бедеуліктің 95 пайызын емдеуге болады деген ғылыми ұғым бар. Еркектердің ұрығы нашар болған жағдайда немесе генетикалық аурулармен балаларды туғызбау жолында және қазіргі кезде экстракорпоральді ұрықтандыруда қолданылатын көптеген дәрілерді азайту сияқты жетістіктер бар», - деді Салтанат Байқошқарова.

Дүниежүзінде адам ағзасынан тыс ұрықтандыру 1978 жылы пайда болған. Ең алғаш бұл тәсіл арқылы Англияда Луиза Браун дүниеге келді.

Салтанат Байқошқарованың айтуынша, қазір Луизаның табиғи жолмен туған балалары бар. Ал, одан кейін әлем бойынша 5 миллионнан астам сәби дүние есігін ашқан.

«Бедеулік – экологиялық факторларға байланысты. Бүгінде  адамдардың өмір сүру салты өзгерді. Табиғи факторлардан алыстап кетті. Сол себепті бедеулік көбеймесе, азайған жоқ. Бұрын мұндай жағдай әрбір 5-ші немесе 6-шы отбасыда кездессе, қазір әрбір 5-ші отбасыда бедеулік бар», - деді репродуктор-эмбриолог.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу