Риддерде жылу ақысы қайта есептеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде жылу ақысы қайта есептеледі

10.11.2022

Риддер қаласында жылу ақысы қайта есептеледі. Бұл туралы облыстық табиғи монополияны реттеу департаменті мәлімдеді. Өйткені биылғы жылыту маусымы басталғалы кеншілер қаласындағы түрғындарға дұрыс қызмет көрсетілмеген.

Қыркүйектен бері жылу электр орталығында екі рет ақау шықты. Келеңсіздікке қарамасатан тұрғындарға жылу ақысын толық төлеу бойынша түбіртектер келіп жатыр. Жылу мардымсыз болған күндер мүлдем ескерілмеген.

Сондықтан тұтынушылар пәтер иелері коооперативімен бірге жылудың қуаты азайған күндерді тіркеп, жылу беру станциясына арыздануы тиіс. Егер ол арыз ескерілмеген жағдайда, табиғи монополияны реттеу департаментінің қызметкерлері тұрғындардың құқығын қорғауға дайын.

Салтанат Сылдырбаева, Риддер қаласының тұрғыны:

Өткен айдан бастап жылудың бағасын көбейтіп жіберді. Жылудың, ыстық судың бағасын. Ыстық су бізде 25 маусымнан бері жоқ. Жылудың бағасын көтергенмен, ыстық су, жылу өзі жоқ. Жоқ нәрсеге біз неге төлеуміз керек?

Жұмагүл Мүсіпова, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департамент басшысының орынбасары:

Егер екі жақтан келісім табылмаған жағдайда, тұтынушылар мен кондоминиммим мүшелері біздің департаментке өтінішпен жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғай алады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу