Онкологиялық аурудың емі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онкологиялық аурудың емі бар

28.11.2019

Дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Еліміздің бас онкологы Мұхтар Төлеутаев халыққа осындай кеңес берді. Қазір Қазақстанда 190000-ға жуық адам онкологиялық аурумен диспансерлік есепте тұр. Тек өткен жылдың өзінде 36000 адамның қатерлі дертпен науқастанатыны белгілі болған. Жыл сайын бұл тізімнің қатары көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Сондықтан да мамандар емдеу шараларын жетілдіріп, жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында халықаралық конференция ұйымдастырды. Оған Израйль, Куба, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан Ресей елдерінің білікті онкологтары қатысты. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу