Алматыдағы «Көкқайнар» қорымынан бірегей артефакттер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Көкқайнар» қорымынан бірегей артефакттер табылды

19.01.2015
Алматыдағы «Көкқайнар» қорымынан  бірегей артефакттер табылды

Олардың арасында алтыннан жасалған мысық тұқымдас жыртқыш аңның мүсіні бар. Ұзындығы - 3,3 см, биіктігі - 2 см.

Олжаны тапқан зерттеушілер артефактіні шартты түрде «Ойнақтаған мысықтың баласы» деп атады. Мүсін біздің заманымызға дейінгі IV ғасырларға жатады.

Бұдан бөлек, табылған сирек кездесетін олжаның бірі  - құс бейнесі бар жалпақ тілік. Бұйымның  биіктігі - 2,2 см, ені - 1,8 см. Зерттеушілер құс мүсінін біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда геральдикалық рәміз ретінде пайдаланылған деп болжауда.

Үшінші табылған артефакт - қола айна. Б.з.д II-I ғасырларға жатады. Диаметрі - 15 см, тұтқасының ұзындығы - 8 см.

Бүгінде сирек кездесетін олжалар Алматы қаласы тарихы музейінде сақтаулы тұр.

 

e-history.kz

Хабарламаларға жазылу