Ұлттық арнада - балалардың қорғаушысы «Капитан қоқиқаз»

18.01.2015
Ұлттық арнада - балалардың қорғаушысы «Капитан қоқиқаз»

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы балаларға  базарлық ұсынады. Бүгіннен бастап «Капитан қоқиқаз» мультхикаясы эфирге шығады.

Мультхикая  балалардың қорғаушысы Майло Пауэлл туралы. Ол үлкендер билік ететін әлемде балалардың құқығын қорғау туралы көп ойланады.

Осы мәселені жан-жақты зерттеген Майло  балалардың мәселелерін өзі шешуге бел буады. Осылайша,  ол «Капитан қоқиқаз» атты балалар қорғаушысына айналады.

Балақай, сенің әлеміңде қандай қиындық бар? Өз мәселеңді өзің шешкің келе ме? Ендеше бізге қосыл! Балалардың қорғаушысы Капитан қоқиқаз саған көмектеседі.

Мультхикаяны бүгін, сағат 09:00-де тамашалай аласыңдар.

Хабарламаларға жазылу