Дарабаев және Киров Ұлттық құрамаға қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дарабаев және Киров Ұлттық құрамаға қосылды

13.10.2014
Дарабаев және Киров Ұлттық құрамаға қосылды

Жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев пен қорғаушы Александр Киров Қазақстан құрамасының сапында Еуро-2016 іріктеу додасының аясындағы Чехиямен өткізетін ойынға дайындалатын болады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Екі ойыншы да бұған дейін резервтегі тізімде болған. Бірақ Виктор Дмитренконың жарақаты мен Бауыржан Жолшиевтің дисквалификациясынан кейін бапкерлер екі ойыншыны негізгі құрамаға шақыртты.

Кеше «Қайраттың» жартылай қорғаушысы мен «Шахтердің» қорғаушысы өзге ойыншылармен бірге Ұлттық құрама жаттығуына қатысты.

Хабарламаларға жазылу