Ұлттық арнада – «Қаңғыбас» мелодрамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Қаңғыбас» мелодрамасы

14.02.2015
Ұлттық арнада – «Қаңғыбас» мелодрамасы

Радж ұрлықпен айналысып, «нәпақа» тауып жүрген жан. Оның анасын кезінде судья әкесі Рагунат «ардан аттады» деген желеумен, үйінен қуып жібереді. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде Радж Ритамен дос болады. Ал, Рита – Раджтың әкесі Рагунат қамқорлыққа алған қыз.

Уақыт өте келе Радж көше бұзығы Джаггамен танысады. Джагга оған ұрлық жасаудың небір айла-тәсілін үйретеді. Теріс жолға түскенімен, Раджты ары мазалай бастайды. Бірнеше рет түрмеге де түсіп үлгерген ол енді жаңа өмір бастамаққа бет бұрады.

Алайда, байқаусызда Джагганы өлтіріп алады. Ританың әкесі өз әкесі екенін білгенде Радж оны да өлтіруге бел байлайды. Ал, қорғаушысы енді ғана диплом алған жас адвокат – Рита...

Шытырманға толы «Қаңғыбас» мелодрамасын бүгін 16.25-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар,

Хабарламаларға жазылу