«На-на» тобы - «Түнгі студияда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«На-на» тобы - «Түнгі студияда» қонақта

16.01.2015
«На-на» тобы - «Түнгі студияда» қонақта

Бари Алибасов - Қазақстанның тумасы. 1947 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында дүниеге келген.

Оның ән әлеміндегі ең алғашқы жобасы - 1966 жылы Өскемен жол-құрылыс институтында құрылған «Интеграл» тобы. Кейіннен құрамы кеңейіп, ансамбль дәрежесіне жеткен топтың сахнадағы ғұмыры 22 жылға созылды.

Ал, 1989 жылы құрылған «На-на» тобы көпшілікке «Faсe to Face» музыкалық фестивалі арқылы танылды. 

Құрылған жылы-ақ түрлі байқауларда жеткен жетістіктерінен кейін поп-музыка саласындағы «жыл жаңалығы» саналды.

Таяуда  топ «Ресей эстрадасының аңызы» аталымы бойынша, Бари Алибасов «Ресейдің танымал продюсері» номинациясы бойынша ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің  «Алтын нота» сыйлығын иеленді.   

ТМД елдеріне кеңінен танымал әншілер туралы бүгін, 23.30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу