«Түнгі студияда» – ресейлік жұлдыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» – ресейлік жұлдыздар

12.09.2014
«Түнгі студияда» – ресейлік жұлдыздар

Ұлттық телеарна эфирінен көрсетілген  Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» ток-шоуы екінші маусымға дайындалып жатыр. Бағдарламаның бірінші маусымында қазақстандық өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар студия төрінде қонақта болды.

Ток-шоуға ара-тұра шетелдік жұлдыздар да қатысты. Олардың қатарында Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан үнділік «Келін» телехикаясының басты кейіпкері – Ананди (Авика Гор) мен Өзбекстан әншісі Шахзода бар.

Жалпы, бағдарламада қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат өрбіп, кез-келген тақырыпта қызықты әңгіме-дүкен болады.

Ұлттық арна сахнасына жаңа бағыт алып келген бағдарлама ендігі маусымда ресейлік әртістермен де сұхбат жүргізбек. Валерия, Иосиф Пригожин, «Иванушки International»,  «Фабрика» тобы және тағы басқа да  ресейлік атақты әртістер «Түнгі студияда» қонақта болып, жүрекжарды лебіздерімен бөліседі.

«Түнгі студияны» Ұлттық арнадан күтіңіз!

Хабарламаларға жазылу