Шымкент қаласында бокстан ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында бокстан ел чемпионаты басталды

13.01.2015
Шымкент қаласында бокстан ел чемпионаты басталды

Шымкентте жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы Ф.Шаназаровты еске алуға арналған чемпионат басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Аталған спорттық сайыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Облыс орталығындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталған сайысқа еліміздің өңірлерінен 1999-2000 жылдары туған 152 былғары қолғап шебері қатысуда.

Хабарламаларға жазылу