Қазақстанда қайыр сұрайтындардың 80 пайызы шетелдік азаматтар - ҚР ІІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қайыр сұрайтындардың 80 пайызы шетелдік азаматтар - ҚР ІІМ

12.01.2015
Қазақстанда қайыр сұрайтындардың 80 пайызы шетелдік азаматтар - ҚР ІІМ

Қазақстанда полиция қызметкері ұстаған қайыр сұрайтын адамдардың 80 пайызы - шетелдік азаматтар. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жаңа редакциясының негізгі қағидалары туралы» атты брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

«Қазақстандағы өмір сүру деңгейі кейбір мемлекеттерге қарағанда жоғары және сондықтан да елімізге көршілес мемлекеттерден қайыр сұрайтындардың ағымы жоғары. Өткен жылы ұсталған қайыр тілеушілер бойынша жасалған талдауларға тоқталатын болсақ, олардың 80 пайызы шетелдіктер»,- деп нақтылап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449-бабында азаматтардың мазасын алу сынды қылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Оның сөзіне қарағанда, осындай норма дамыған елдерде тиімді нәтиже беруде.

Мұндай әрекеттер үшін салынатын айыппұл көлемі бастапқыда 5 АЕК-ті құраса, екінші мәрте қайталанған жағдайда 10 АЕК-ке жетеді немесе оны жасаған адам 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шетелдіктер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады және елдің аумағынан шеттетіледі. Айта кетейік, бүгінгі таңда 1 АЕК көлемі 1982 теңгеге тең.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу