Алматылықтарға дәрігерлер жылы киініп жүру керектігін ескертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтарға дәрігерлер жылы киініп жүру керектігін ескертеді

11.01.2015
Алматылықтарға дәрігерлер жылы киініп жүру керектігін ескертеді

Ауа райының тым жылы болуына байланысты тұмаудың жаппай белең алуы мүмкін. Қазірдің өзінде Алматыда ғана тыныс жолдарының вирустық жұқпалы ауруларына 4 мың адам шалдыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Десе де ауруханаға ем іздеп келген науқастар аз. Көбісі үйде ем қабылдап, аурулары асқынған соң ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Ал мамандар, тұмау қаңтардың орта тұсынан басталып, ақпанда шарықтау шегіне жетеді деп отыр. Дәрігерлер күннің жылы болғанына қарамастан дерттің алдын алуға шақырады.

«Әрбір аурудың өз межесі бар. Егер ауру саны сол межеден асатын болса, сол кезде ғана біз жағдайды тұрақсыз деп танимыз. Қазірше ол меженің шегіне жеткен жоқпыз. Ауа райы алдамшы болғандықтан тұрғындар жылы киініп жүруі керек. Жеңіл жүріп, ауруды өздері «шақырады», - деді Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Ұтағанова.

Хабарламаларға жазылу