Вирус жұқтырғандардың ауру белгілері 2 жылға дейін сақталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирус жұқтырғандардың ауру белгілері 2 жылға дейін сақталуы мүмкін

17.02.2021

Ковидтен кейін ауру белгілері 3 айға дейін, ал қатты ауырған науқастарда 2 жылға дейін сақталуы мүмкін. Бұл туралы дәрігерлер айтты. Вирус жұқтырғандар арасында ең көп тараған белгі - жөтелдің тоқтамауы. Дем ала алмай, өкпе қысылады. Ұйқы бұзылады, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ақ халаттылар ковидтен кейін пайда болған дертті өздігінен емдемеу керектігін ескертеді.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «постковидті белгілер» жобасы сынақтан өтіп жатыр. Тексерілген 287 науқаста иммундық жетіспеушілік байқалған. Сондай-ақ, коронавируспен ауырған 190 адамда есте сақтау қабілеті нашарлаған. 2 науқасқа қант диабеті диагнозы қойылған.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу