«Қар құрсауында» драмасы – Ұлттық арнада! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қар құрсауында» драмасы – Ұлттық арнада!

11.01.2015
«Қар құрсауында» драмасы – Ұлттық арнада!

Фильм оқиғасы Антарктиканың ұшы-қиыры жоқ кеңістігінде өрбиді. Джерри Шепард пен оның ең жақын досы Купер ғылыми экспедиция құрамында метеоритті іздеуге аттанады.

Алайда, күтпеген оқиға мен қолайсыз ауа райы оларды экспедицияны тоқтатып, қайтып келуге мәжбүрлейді.

Енді сегіз ит алты ай бойы мұзды кеңістікте тіршілік үшін жанталасады.  

Америкалық режиссер Фрэнк Маршаллдың «Қар құрсауында»  драмасын бүгін, 23:50-де тамашалай аласыздар.  

Рөлдерде: Пол Уокер, Брюс Гринвуд, Мун Бладгуд.  

Хабарламаларға жазылу