2017 жылдың маусым-қыркүйек айларында Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған EXPO көрмесінің аясында инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтеді.
Конгрестің басты ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы.
Шара мақсаты – әлемнің жетекші ғалымдарымен энергия үнемдеу және оны тиімді пайдаланудың жолдарын талқылау.
Онда инженерлік ойлар мен әлем және Қазақстан ғылымының жетістіктері ұсынылады. Сондай-ақ, еліміздің инновациялық дамуға, «жасыл экономика» қағидасына бейімділігі көрсетілмек.