Ұлттық арна «Алтайым - алтын бесігім» атты республикалық ақындар айтысын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Алтайым - алтын бесігім» атты республикалық ақындар айтысын ұсынады

08.01.2015
Ұлттық арна «Алтайым - алтын бесігім» атты республикалық ақындар  айтысын ұсынады

Жыр бәйгесі  «Нұр Отан» партиясының және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Айтысқа Балғынбек Имашев (Астана), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау), Қайнар Алагөзов (Ақтөбе), Асхат Қылышбек (Алматы), Серікзат Дүйсенғазин (Астана), Серік Қуанған (Шығыс Қазақстан), Рауан Қайдаров (Павлодар), Манарбек Сатыбалды (Шығыс Қазақстан), Айнұр Тұрсынбаева (Астана), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Серік Құсанбаев  (Шығыс Қазақстан) және Аслан Ғафуров (Өскемен) сынды сөз шеберлері қатысты.

Қазылар алқасының төрайымы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы.  

Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында сатирик, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, ақын, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек, филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ерденбек және ақын Дәмеш Омарбаева бар.

Жыр сайысын сенбі, 10 желтоқсан күні, сағат 17.50-де тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу