Басты Жаңалықтар Осака турнирінде Зарина Диас жартылай финалға шықты

Осака турнирінде Зарина Диас жартылай финалға шықты

Осака турнирінде Зарина Диас жартылай финалға шықты

Жапонияның Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде бүгін қазақстандық Зарина Диас хорватиялық Ана Конюхпен кортқа шықты.

Зарина А.Конюхтан бірінші партияда 6:7 есебімен жеңілгенімен, қалған екеуін (6:4, 6:2) ұтып, жартылай финалға шықты.

Зарина Диас енді соңғы сын - финалға шығу үшін Таиланд елінің өкілі Луксика Кумкхуммен кездеседі. Ширек финалдағы оның қарсыласы, осы турнирдің екінші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кис 2:6, 3:4 есебімен жеңіліп жатып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Бөлісу