Теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/8 финалда Венгрия өкілі Тимеа Бабоштан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.
Жартылай финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші Қытай қызы Чжен Сайсаймен таласады. Бұл ойын 8 қаңтарда өтеді.
Фото: www.wtatennis.com