«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегерін анықтады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегерін анықтады (ВИДЕО)

12.05.2017

Саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған тұлғаның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегерін анықтау үшін журналистика факультеттерінің студенттері арасында конкурс жариялаған болатын.  Бүгін аталған байқаудың жеңімпазы анықталды.

 

Байқауға өтініштер 7 сәуір мен 10 мамыр аралығында қабылданды. Оған 13 жоғары оқу орнынан 30-ға жуық студенттен жұмыс түскен. Бас жүлде, яғни, шәкіртақы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті Дастан Қастайға бұйырды. Жеңімпаз 10 ай көлемінде айына 25 мың теңгеден шәкіртақы алып отырады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу