Павлодар облысының «Ертіс Медиа» ЖШС-нің құрамындағы ресми БАҚ жаңа мекенжайға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының «Ертіс Медиа» ЖШС-нің құрамындағы ресми БАҚ жаңа мекенжайға көшті

01.01.2015
Павлодар облысының «Ертіс Медиа» ЖШС-нің құрамындағы ресми БАҚ жаңа мекенжайға көшті

Павлодар облысындағы «Ертіс Медиа» ЖШС-нің құрамындағы ресми бұқаралық ақпарат құралдары жаңа мекемеге көшірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кәсіпорын құрамындағы облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион.kz» газеттері, «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журнал, сонымен қатар Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі Ломов көшесі, 38-үй мекенжайындағы заманауи ғимаратта орналасады.

«Ертіс Медиа» ЖШС директоры Игорь Неволиннің айтуынша, БАҚ-ның редакциялары осы мекенжайда алдағы үш жыл бойы орналаспақ.

"Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының мекенжайын ауыстыруға бұрынғы мекеменің апаттық жағдайда болуы себеп болды. Аталмыш ғимарат 1980 жылдан бері жөндеу көрмеген. Аталмыш ғимараттағы жылыту жүйесі де күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл іске шамамен 15 млн. теңге керек. Сонымен қатар нысанның бір бөлігінде бірнеше жыл бойы шатыр жоқ. Жұмыстардың жалпы құны 100 млн. теңгені құрайды. Ал бүгінгі таңда өзекті мәселені шешу мақсатында қаржыландыру мүмкін емес, - дейді И. Неволин.

Хабарламаларға жазылу