Павлодарда мотор майлары шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мотор майлары шығарылады

12.11.2015
Павлодарда мотор майлары шығарылады

Ресейлік инвестор 2017 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймақта мотор майлары өндірісін қолға алуға ниет білдірді. Бұл туралы «Ертіс» баспасөз клубында өткен брифингте «Павлодар АЭА басқару компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Қынатов хабарлады.

Көрші елдің инвесторы «ЕvooilKazakhstan» ЖШС мотор майланы нарығында бес жыл бойы жемісті еңбек етуде. Биылғы жылы компания арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы атанған. Бұған дейін аталмыш өнім Ресейден экспортталған. Жаңа өндіріс ошағы ішкі нарықты мотор майларымен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

«Өндіріс ошағы 2017 жылы ашылады деп күтілуде. Жоспарға маркетингтік зерттеулерден кейін түзетулер енгізіледі. Жобаны жүзеге асыруға 10 миллион долларға жуық қаржы керек деген болжам бар», - дейді М.Қынатов.

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу