Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркия Республикасына ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркия Республикасына ресми сапармен барды

30.12.2014
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркия Республикасына ресми сапармен барды

28-29 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Түркия Республикасында ресми сапармен болды.

Ол Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болып, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы біріккен Стратегиялық жоспарлау тобының екінші отырысына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Министр Е. Ыдырысовтың Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі барысында Түркия басшысының Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы үшін алдағы Қазақстанға сапары талқыланды.

Ал, екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуінде кең ауқымды мәселелер бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы қарастырылды. Сондай-ақ, кездесуде Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысы талқыланды.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов Түркияның Әділет министрі Б.Боздагпен кездесті. Кездесуде тараптар құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Хабарламаларға жазылу