ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Индонезияға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Индонезияға барды

01.09.2014
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Индонезияға барды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Индонезияға барды.  Сапары аясында министр Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша, екі елдің сыртқы саясаттағы өзара ынтымақтастығы  туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы  жылдары екі ел арасындағы сауда көлемі 3 есеге артқан.

Ерлан Ыдырысов өз кезегінде Қазақстан барлық бағыт бойынша тиімді әріптестік орнатуға баса мән беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан сыртқы саяси құрылымының басшысы Индонезия СІМ Марти Наталегавамен кездесті. Онда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселер қаралды.

 

 

Хабарламаларға жазылу