Ерлан Ыдырысов Цецка Цачевамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов Цецка Цачевамен кездесті

10.11.2015
Ерлан Ыдырысов Цецка Цачевамен кездесті
Қос тарап кездесу кезінде экономика, сауда-саттық пен инвестиция саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Ерлан Ыдырысов Болгария Халықтық Жиналысының төрайымы Цецка Цачевамен кездесті. Сыртқы істер министрі әріптесін елімізге алғаш ресми сапармен келуімен құттықтап, Болгария Қазақстанның Балқан түбегіндегі ең сенімді серіктесі екендігін айтты.

Ал, Цецка Цачева Қазақстан Парламенті мен Болгария Халықтық Жиналысының арасында бекіген әріптестік меморандумының мемлекетаралық қатынастарға жаңа серпін беретініне сенетіндігін жеткізді.

Қос тарап экономикалық сауда-саттық пен инвестиция саласындағы ықпалдастық мәселелерін де талқылады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу