Ұлттық арна қызметкері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қызметкері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

29.12.2014
Ұлттық арна қызметкері «Ақпарат  саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Біздің анықтама:

Ғалия Шаудырбаева 1976 жылы 17 қарашада Жамбыл облысының Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

2002-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы арнайы мамандандырылған «Болашақ» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2007-2008 жылдары «АТФ Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ аудармашы қызметін атқарған.

2009 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Қазақстан» ҰТА-ның Мәдени танымдық бағдарламалар шығармашылық бірлестігінде, «Киноғұмыр», «Сөз-мерген», «Келбет» бағдарламаларының редакторы қызметін атқарды.

2012 жылдың 2 сәуірінен бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының шеф-редакторы, 2013 жылдың қазанынан «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының продюсері қызметін атқарады.

Хабарламаларға жазылу