Жоғалып кеткен «Air Asia» ұшағын іздестіру жұмыстары қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалып кеткен «Air Asia» ұшағын іздестіру жұмыстары қайта жанданды

29.12.2014
Жоғалып кеткен «Air Asia» ұшағын іздестіру жұмыстары қайта жанданды

Малайзиялық «Air Asia» әуекомпаниясының жоғалып кеткен ұшағын іздеу бүгін, дүйсенбі күні таңертең жаңғыртылды, деп хабарлады www.interfax.ru. Жексенбі күні түнде іздестіру операциясы тоқтатылған еді.

Іздестіру жұмыстарын Индонезия басқарады. Жоғалған авиалайнерді іздеуге 12 кеме, үш тікұшақ, бес әскери ұшақ тартылды. Операцияға малайзиялық ӘӘК С-130 ұшағы, үш корабль, Сингапурдың С-130 ұшағы қатысуда.

Индонезияда Сингапурға QZ8501 рейсімен бағыт алған Airbus-320-200 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 06:17-де  (Мәскеу бойынша 02:17), ұшқыш соңғы рет диспетчерден маршрут өзгертуге рұқсат сұрағаннан кейін радар экранынан ғайып болды.

Авиакомпания басшылығы жексенбі кешке жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ұлттық құрамын анықтады. Жолаушылардың ішінде 149 индонезиялық, бір сингапурлық, бір малайзиялық, Оңтүстік Кореяның үш азаматы мен бір ағылшын азаматы болған. Экипаж құрамын  1 француз, алты индонезиялық құраған.

Хабарламаларға жазылу