Қызылорда облысы Жалағаш ауданында мия өңдеу зауыты ашылды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Зауыттың жалпы құны 2 402,0 миллион теңге. «БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл мия өсіру және тамырын өңдеу» инвестициялық жобасы алдағы уақытта 156 адамды тұрақты жұмыспен және 500 адамды маусымдық жұмыспен қамтымақ.
Жоба толық іске қосылған жағдайда жылына 6000 тонна мия тамыры өңделіп, мия өсімдігінің экстракты, мия өсімдігінің кремі, глициризин қышқылының ұнтағы, полисахарид, флавоноид секілді 5 түрлі компонент алынады.