Қызылордалықтар жинаған дәнді дақылдардың 98 пайызы күріш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар жинаған дәнді дақылдардың 98 пайызы күріш

05.02.2016
Қызылордалықтар жинаған дәнді дақылдардың 98 пайызы күріш

Оның 98,7 пайызы - күріш. Ашық топырақта өсірілген 72,8 мың тонна көкөніс, 116,9 мың тонна бақша дақылдары және 56,9 мың тонна картоп жиналды, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі Сырдария (26,5%), Жалағаш (25,9%)  аудандарында өсірілген. Ашық топырақта өсірілген көкөністер ең көп бөлігі Шиелі ауданында (29,3%) және Жалағаш ауданында (18,2%), бақша дақылдары – Шиелі ауданында (34,0%) және Жаңақорған ауданында (21,7%), картоп – Шиелі ауданында (23,8%) және Жалағаш ауданында (17,8% облыс көлемінен) жиналды.

Дәнді дақылдардың жартысынан көбін шаруа немесе ферма қожалықтары (51,3%) өсіріп, жинады. Ашық топырақта өсірілген көкөністер, бақша дақылдары және картоп жұртшылықтың шаруашылықтарында жиналды (сәйкесінше 92,1%, 80,7% и 93,8% жалпы түсімнің барлық көлемінен).

Хабарламаларға жазылу