Алматыда Президент шыршасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Президент шыршасы өтті

24.12.2014
Алматыда  Президент шыршасы өтті

Бүгін Алматыдағы балалар үйі, интернат тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға және жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған  ҚР Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүр бойынша мереке Мемлекет басшысының видеоқұттықтауымен басталды. Жас алматылықтарды сонымен қатар, қала әкімі Ахметжан Есімов те құттықтады.

«Өтіп бара жатқан жылды біз білімді дамыту жылы деп жариялап, 70 миллиард теңге бөлдік. Мұндай жағдай біздің қаламыздың тарихында болмаған. Жастардың қажетті білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мектептер мен сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, жаңа білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ, біз мұғалімдердің де сіздерге толыққанды әрі заманауи әдіспен білім беруі үшін жағдай жасадық. Келер 2015 жыл біздің елімізге табысты жыл болсын»,-деді әкім.

Мерекелік шара аясында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ертегі кейіпкерлері түрлі конкурс өткізді. Шара соңында әрбір бүлдіршінге жаңажылдық сыйлықтар үлестірілді.

Фото: almaty.gov.kz

Хабарламаларға жазылу