Алматыда Президент шыршасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Президент шыршасы өтті

26.12.2022

Алматыда дәстүрлі Президент шыршасы өтті. «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған мерекелік шараға 300-ге жуық жеткіншек қатысты.

Олардың арасында оқу озаттары, түрлі спорттық сайыстардың жеңімпаздары, аз қамтылған отбасыдан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Жеткіншектерді Жаңа жыл мерекесімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шаһар әкімі Ерболат Досаев құттықтады.

Қалалық білім басқармасы өкілдерінің сөзінше , жыл санап оқушылар саны артып келеді.

Ислам Байкүшіков, оқушы:

Шыршада өте күшті билер, мультфильмдегі кейіпкерлер балаларға өте қызық болды.

Дария Әбдіманап, оқушы:

Президентке және қала әкіміне осы шыршаны сыйлағаны үшін көп-көп рақмет. Жаңа жылыңызбен! Бәрімізге құтты жыл болсын!

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу