«Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге арналған жеңілдіктер ережесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге арналған жеңілдіктер ережесі

24.12.2014
«Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге арналған жеңілдіктер ережесі

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылдың 14 қарашасынан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.

Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін – 35 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін – 25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін – 15 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізіледі.

Жеңілдіктер қолданыстағы №69/70 «Алматы-2-Защита» (Өскемен), №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №35/36 «Алматы-2-Шымкент», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №89/90 «Астана-Қызылорда» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі.

Айта кетер бір жәйт, 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан бөлек) дербес дисконттық карталар енгізілуде. Аталмыш карталар жолаушылардың төмендегі үш санаттарына арналған:

«Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз, құны 999 тенге;

«Құрмет» - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз, құны 999 теңге;

«Саяхатшы» - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарында соңғы 12 айда сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін, сапарлардың жалпы бағасы төмендегідей болуы шарт:

-  100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз;

-  150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны – 15 пайыз;

-  200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз.

Хабарламаларға жазылу