Бейбіт Назаров Токио төрінде жеңіске жетті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Назаров Токио төрінде жеңіске жетті (ФОТО)

23.12.2014
Бейбіт Назаров Токио төрінде жеңіске жетті (ФОТО)

Ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы Бейбіт Назаров Жапония астанасы Токиода 23 желтоқсанда өткен REAL FIGHT CHAMPIONSHIP - REAL 1 тұжырымы бойынша әлемдік Гран-Приде жеңіске жетті.

Ол бірінші жеңіл салмақта Жапония спортшысы Юки Ишихарадан (Yuki Ishihara) басым түсті.

Айта кетейік, Бейбіт Назаров жарақатына байланысты екі жыл жарысқа қатысқан жоқ.

Сонымен қатар, осы сайыста сынға түскен «Alem Fighters» клубының екі спортшысының жолы болмады. Асқар Үмбетов Казуюки Миятадан (Kazuyuki Miyata), ал Бауыржан Қуанышбаев Тошиказу Сузукидан (Toshikazu Suzuki) айласын асыра алмады.

Хабарламаларға жазылу