Kunlun Fight. Бейбіт Назаров пен Қазыбек Әшімов аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kunlun Fight. Бейбіт Назаров пен Қазыбек Әшімов аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды

06.04.2015
Kunlun Fight. Бейбіт Назаров пен Қазыбек Әшімов аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды

Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізілді. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының спортшылары Бразилия, АҚШ, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен келген спортшылармен сайысқан.

Турнирдің екі негізгі жекпе-жегі 47 келі салмақ дәрежесінде Қазыбек Әшімов пен Оңтүстік Корея елінің спортшысы Чок Вон Сок арасында және 70 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньоның арасында өткен.

Қазыбек Әшімов Чок Вон Сокты 1-ші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Ал, Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньо арасындағы өткен тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Осылайша екі қазақстандық Kunlun Fight тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Турнирдің 1-ші жекпе-жегі: Джыфа Шанг Алпамыс Адиатовты қолына жасаған тәсіл арқылы жеңіске жетті.

Турнирдің 2-ші жекпе-жегі: Алтынбек Бажимов Алатеңг Хейлиді қылқындыру әдісімен ұтты.

Турнирдің 3-ші жекпе-жегі: Руслан Камзаев Эль Куеди Әбділкерімді төрешілердің шешімімен жеңді.  

Турнирдің 4-ші жекпе-жегі: Нұрберген Шарипов Ма Шуангпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.   

Турнирдің 5-ші жекпе-жегі: Бауыржан Қуанышбаев төрешілердің шешімімен қытайлық Шуй Йунхаоны ұтты.  

Турнирдің 6-шы жекпе-жегі: Нұржан Тұтқа Максим Джиаканолені қолына тәсіл жасап, жеңіске жетті.

Турнирдің 7-ші жекпе-жегі: Асқар Үмбетов техникалық нокаутпен Кайл Розевскийден басым түсті.

Турнирдің 8-ші жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Қазыбек Әшімов Чок Вон Сокты қылқындыру тәсілімен ұтты.

Турнирдің 9-шы жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Бейбит Назаров бразилиялық Бруно Амориманы төрешілердің шешімімен ұтты.

Айта кетейік, «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін бүгін сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

Фото: «Alem Fighters» клубының ВКонтакте әлеуметтік желісінен

Хабарламаларға жазылу