2014-2018 жылдар аралығында экономика дамуының барлық сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 5-7 пайыз дәлізінде ұстап тұру - Ұлттық банктің негізгі мақсаты болмақ.
Ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында банк 2014 жылы екінші деңгейлі банктерге қайта қаржыландыру қарыздарын беруді, қысқа мерзімді шоттарды шығаруды, банктерден депозиттер тартуды жалғастырады.
Сонымен қатар, банктер Ұлттық банк белгілеген ең төменгі талаптардың нормативтерін орындайды.
Құжатта атап көрсетілгендей, 2014 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 4,8 пайызды құрады. 2014 жылдың басынан бастап, азық-түлік тауарлары - 5,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 4,7 пайызға, ақылы қызметтер - 4,0 пайызға қымбаттаған.
ҚазАқпарат