Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшері нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшері нақтыланды

25.02.2016
Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшері нақтыланды
Үкімет биылғы жылдың Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшерін нақтылады. Бұл туралы бүгін Сенатта Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Отырыста «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобалары талқыланды.

Ал, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биыл бюджет кірісі 300 миллиард теңгеге азаятынын мәлімдеді.

Әсима НҰРБАЙ

Хабарламаларға жазылу