«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді

05.08.2014
«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өткен «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді.

«Мақпалжан» әнінің сөзін жазған Ержанат Байқабай, әні - Қажымұрат Шешенқұлдікі. Ән бұған дейін халыққа Тоқтар Серіковтің орындауында танылған болатын.

Жаңа бейнебаянды «AIMVI»  продюсерлік орталығы Алматы маңында түсірді. Әнді орындауда электр-домбыра қолданылған.

Айта кетейік, Шахаризат Сейдахмет - Ұлттық арна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасында Нұрлан Албанның тобында өнер көрсетіп, жеңіп шыққан болатын. Ол көпшілікке дәстүрлі әндерді орындаумен таныс.

Хабарламаларға жазылу