Жас әнші, композитор Қажымұрат Шешенқұл «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді. Халыққа «Қаражорға» әнімен танылған әнші: «Бұл ән менің бағымды ашты. Мені Қазақ елінің сахнасына алып шыққан ән»,-дейді.
«Композиторлығыма келер болсақ, бүгінде біраз әндерімді Тоқтар Серіков, былтырғы «Қазақстан дауысының» жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет, «Азия» тобы, «До Мажор» тобындағы Ермек Мұқашев сынды әнші аға-бауырларым орындап жүр».
«Бала кезімде өзіме ұстаз тұтқан адам – Тоқтар Серіков. Бағыма қарай, Қытай елінде университетте оқып жүрген кезімде ол кісі менің «Мақпалжан» әнімді орындады. Мен сол кісіге еліктеп өстім. Барлық аға буын әншілерге менің берер бағам шексіз»,-дейді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасы – «Таңшолпанда».