Бас мүфти қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

13.12.2014
Бас мүфти қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

 «Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, халқымыздың қастерлі мерекесі - Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын және осы күнге аман-есен жеткізген Алла Тағалаға  сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Құдайға шүкір, мейман дос, кеңпейіл халқымызды игілікке бастаған Елбасы ұлттар мен ұлыстарды, әлем жұртшылығын діни татулық пен бірлікке үндеп келеді.

Тәуелсіздігімізді баянды етіп, көпұлтты, көп дінді еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға атсалысу,  Отанға адал қызмет етіп, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жолындағы игі істерге барынша қолдау көрсету - баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Тәуелсіздік - Алланың халқымызға берген ұлы сыйы, баға жетпес байлығымыз. Жаратушы Иеміздің ұлы нығметіне шүкір етіп, тәуелсіздікті сәт сайын қорғау, қастерлеп, аялау - еліміздегі әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Кезінде құлауға шақ қалған рухани құндылықтарымыз бен егемендігімізді алып, еңсені тіктеген Тәуелсіздік жылдары қайта қауыштық. Дербес елдігіміздің арқасында дініміз еркіндік алды.

Ендігі жерде, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен дінаралық келісімнің қалыптасуы және еліміздің халқының береке-бірлігін арттыру жолындағы жұмыстарға қолдау көрсету азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға ізгілік тілеймін.

Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік еткей. Мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгілік болғай!», делінген құттықтауда.

muftyat.kz

Хабарламаларға жазылу